Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда сал ауруына шалдыққан баласын емдету үшін 24 млн теңге жымқырған мектеп есепшісі ұсталды

Atr.kz/3 наурыз, 2020 жыл. Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон ауылының мектеп есепшісіне сот үкімі шықты.

Былтыр тексеру комиссиясы білім саласы бйоынша аталған ауданда аудит жүргізген болатын. Нәтижесінде, 200 млн көлемінде қаржылық құқықбұзушылық дерегі анықталған еді. Күдікке ілінген екі есепшінің бірі, әйел адам 5 жыл бас бостандығынан айырылды. Директордың элекронды қолтаңбасын қолданған ол түрлі ақша аударымдарын жасаған (жалақы, демалыс, іссапар, т.б.).

Қылмысын мойындаған ол бас бостандығынан айырудан басқа жаза түрін белгілеуді сұрады. Бұл ретте ол кәмелетке толмаған 3 баласы барын және олардың біреуі сал ауруына шалдыққанын алға тартты. Соның еміне қаражат қажет болғандықтан ұрлыққа барғанын айтты. Сот осы жағдай мен айыпталушының өз кінәсін толық мойындағанын қаперге алды.

Сондай-ақ, оның 3 жастағы ұлы 14 жасқа толғанға дейін жазаның орындалу мерзімі де шегерілді. Ал, ұрланған ақшаны мемлекет қазынасына қайтару міндеттелді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

http://atr.kz/bez-rubriki/elimizdiң-eң-үzdik-mұғalimderi-anyқtaldy-foto/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button