Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда сал ауруына шалдыққан бала параспорт бойынша чемпион атанды

Атыраулық 15 жастағы Ернұр Сатыбалдының өзгелерді шабыттандыратын оқиғасы – сенімнің, табандылықтың және қолдаудың шынайы ғажайыптар жасай алатынын көрсетті.

ДЦП диагнозымен сәби кезінен күресіп келе жатқан Ернұр аяққа нық тұрып қана қоймай, жалпы білім беретін мектепте оқиды және пара ат спорты бойынша медальдар жеңіп алып жүр.

4c698b67 ef30 4f64 af60 8206e4689be8

Ернұрға алты айлық кезінде қойылған диагноз бүкіл отбасы үшін үлкен сынақ болды. Оның анасы Назгүл Есенғалиева сол кезден бастап ұлын емдеуге бар өмірін арнады: оңалту, массаж, мануалды терапия, басқа қалалар мен елдерге сапарлар. Бәрін өзгерткен сәт – Ерлан Күміскалиев басқаратын «Атырау. Кішкентай ел» қоғамдық бірлестігімен танысу болды.

— Бұл орталық туралы алғаш рет Ернұр 1 жас 7 айлық кезінде теледидардан білдім. Сол кезде орталықта небәрі екі терапиялық ит – Федя мен Форбс жұмыс істеді. Солардың арқасында ұлымның ас қорыту жүйесі жақсара бастады, – деп еске алады Назгүл.

Үш жыл бұрын бұл бірлестік аясында иппотерапия орталығы ашылды. Ернұр сол жерде жаттыға бастаған алғашқы балалардың бірі болды. Бұл жаттығулар жай ғана пайдалы емдік тәсіл емес, нағыз серпіліс болды: Ернұр атқа мініп үйренді, өзіне деген сенімділік артты, жарыстарға қатыса бастады. Бүгінде ол — пара ат спортының үш дүркін чемпионы.

— Иппотерапияның арқасында Ернұр өздігінен жүре бастады. Енді оған қолдау қажет емес. Ол инклюзивті сыныптан жалпы сыныпқа ауысты. Қазір оның физикалық және менталдық дамуы өз жасына сай. Біз тіпті Д.Нұрпейісова атындағы музыка академиясына түсуге дайындалып жүрміз — Ернұр музыкаға ғашық. Егер оқуға түсе алмаса, 10-сыныпта оқуды жалғастырамыз, — дейді анасы.

«Атырау. Кішкентай ел» ҚБ-нің иппотерапия орталығындағы барлық бағдарламалар табиғи әдістерге негізделген — дәрі-дәрмексіз, табиғаттың, жануарлардың және кәсіби нұсқаушылардың көмегімен емдеу жүзеге асады. Жоба «Теңізшевройл» компаниясының әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында қаржылай қолдау табуда.

— Біз мейірімді және сезімтал жануарлармен жұмыс істейтінімізді мақтан етеміз. Бұл жай ғана атқа міну емес — бұл кешенді терапия. Қазір бізде арнайы үйретілген 12 жылқы бар, — дейді Ерлан Күмісқалиев.

Орталық қазірдің өзінде Мақат және Құрманғазы аудандарында белсенді жұмыс істеуде. Бірақ команда мұнымен тоқтап қалмақ емес. Мақсат — облыстың барлық ауданында филиал ашу. Қазірдің өзінде жаңа бағдарламалар әзірленіп, мамандар іріктеліп жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button