«Атырау» газеті редакциясы қайырымдылық акциясын өткізді

Жаңалықтар

Atr.kz/6 қаңтар, 2020 жыл.  «Мен – чемпион боламын!» Талдырмаш келген баланың осы айтқан сөзі әлі күнге дейін жадымнан кетер емес…

Өзі небәрі алтыншы сыныпта оқып жатқан Данабек тағдыры ерте есейткен бала. Ата-анасынан бірдей айрылған Данабек қазір әжесімен тұрады. Өзі оқитын Атырау қаласындағы №40 орта мектептің мұғалімдері Данабекті «талантты, оқуда алғыр, әрі биязы бала» деп суреттеп берді.

Б і з  Д а н а б е к п е н  ө з і оқып жатқан мектептің фойесінде кездестік. Аяғын нық сеніммен басып келіп, бізге амандасқан баланың көзінде от бар. Тұйық, сөзге жоқ. Сұрағыңа ғана жауап береді. Бірақ, сол б и я з ы л ы ғ ы м е н а д а м д ы өзіне тартып тұрады. Тағдыры ерте есейткен бала қазір еркін күреспен шұғылданып жүр. Нұрсая ықшамауданындағы спорт к е ш е н і н д е  жаттығып жүрген Данабек өзінің басты мақсаты чемпион болу екендігін айтады.

Д а н а б е к т і д а р а л а п айтуымыздың себебі де бар. «Атырау» газеті редакциясы Данабекті жаңа жыл қарсаңында қуанту жөн деп тапты. Сөйтіп, оған толық қысқы киім тарту етті. Редакцияға қонаққа келген Данабек алғысын айтып, қуанышын әжесімен бөлісуге асығып бара жатты…

 – Иә, жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған атам қазақтың керемет дәстүрінің бір көрінісі бұл. Қазіргідей қатыгезденіп бара жатқан қоғамда қайырымдылықты жария етіп жасаудың да айыбы жоқ шығар, дейді «Атырау» газетінің бас редакторы Исатай Балмағамбетов.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз