Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда – сабантой салтанаты

Атырау қаласындағы «Достық» үйінде татулық пен бірлікті паш еткен «Сабантой» мерекесі аталып өтті. Атырау облысы Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Татулық» Татарбашқұрт этномәдени бірлестігі ұйымдастырған шараға өзге ұлт өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Сабантой – татар халқының барша сән — салтанатымен тойлайтын ұлттық мерекелерінің бірі. Егіс науқанын айрықша тойлайтын татар халқы «егін бітік шықсын, жиын-терім мол болсын» деген ұғыммен атап өтеді. Мерекелік шара тақырыпқа сай таңдалған ерекше қойылыммен басталды. Көктем гүлдерімен безендірілген сахна ортасында дастарханмен жабылған үстел тұрды. Үстел үстінде самаурын, тәттілер мен ыдыс-аяқ қойылған.

Балалар кілемше де ойнап жатты. Әйелдер кесте тігіп, енді бірі балаларымен әңгімелесіп отыр. Сол сәтте кішкентай балақайлар «Сабантой басталды. Бізге мереке келді. Сыйлықтар дайындалды» деп қуанып, айнала жүгіреді. «Сабантой» әні айтылып, барша жиналғандарға дәстүр бойынша тәтті чак — чак таратылды.

Ұлтаралық келісім мен бейбітшіліктің айғағындай мерекеге Қазан қаласынан Татарстанның халық әртісі Резеда Тухватуллина қатысып, әннен шашу шашты. «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымы концерттік бағдарламасын ұсынды. «Камелия», «Фуэтэ» би топтарымен «Жібек жолы» өнер орталығының оқушылары да ән айтып, би билеп, кештің сәнін келтірді.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button