Жарнама
ЖаңалықтарМәдениет

Атырауда Роза әндерінің фестивалі өтті

Атырауда Қазақстанның Халық әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Роза Рымбаева әндерінің фестивалі өтті, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыстық  ғылыми-әдістемелік  халық шығармашылығы мен мәдени демалыс ұйымдастыру орталығында өткен фестивальге қала және аудандардан 13 өнерпаз қатысты.

Ән кешінде облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушов қазақ эстардасының  жұлдызы Роза Қуанышқызына аймақ басшысы атынан ықылас гүлін табыстады.
– Біз Сізді тәңір сыйлаған таланты арқасында өнер көгінде жұлдыздай жарқыраған дарындарымыздың бірі , «алтын дауысты – ән бұлбұлы»  ретінде танимыз. Сіз өзіндік әсем дауысыңызбен  бүкіл Кеңес одағына, алыс-жақын шет мемлекеттерге танылған дара тұлғасыз. Сіз орындаған «Атамекен-ай», «Әлия» әндері мыңдаған тыңдарманның бойына ерекше рух пен қуат береді. Шығармашылығыңыз өрлей берсін, — деді  Нариман Бағытұлы.

Фестивальдің мақсаты — әншінің шығармашылығын жастарға таныстыру арқылы жас буынды өнерге баулу, әншілік қабілеттерін арттыру.

Роза Қуанышқызы арнайы келіп жас әншілерге шеберлік сабақ өткізді.

Фестивальде «Шақырады көктем», «Әлия», «Любовь настало», «Өткен күндер», «Күнге табыну», «Ақ тілек», «Түркістан», «Куә бол» әндері орындалды.

Халық әртісі Атырау жұртшылығына бірер жаңа әндерін қонақкәде ретінде орындап берді. Қатысушы өнерпаздар эстрада жұлдызы атынан арнайы сыйлықтарға ие болды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button