ЖаңалықтарҚұқық
Атырауда қылмыстық істер саны азайды
Өңірде қылмыстық істер азайғанмен, күрделі істер қатары артып отыр, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникацмялар қызметі.
Бұл туралы Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Тәтті Уалиева брифинг барысында мәлімдеді.
- Осы мерзім ішінде Атырауда аудандық және теңестірілген соттарға өткен жылғы аяқталмаған істермен есептегенде 1 548 тұлғаға қатысты 1 213 қылмыстық іс түскен. Оның ішінде 1 406 тұлғаға қатысты 1 112 іс аяқталған, — деді спикер.
Айта кетерлігі, 2021 жылы негізінен адам өлтіру, қылмыстық топтарға қатысты күрделі істер қаралған.
Осы кезең аралығында 877 тұлғаға қатысты 1 077 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қылмыстық істер саны 17 ге азайып отыр.