Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда қылмыскер әйел бірге тұратын көршісін тірілей жерге көмген

Atr.kz/30 қаңтар, 2019 жыл. «ATPress.kz» хабарлағандай, жазықсыз жанды қатыгездікпен өлтіріп, денесін бөлшектеген бойы Жайық өзенінің жағасына көмген атыраулық бес азаматқа қатысты сот үкімі шықты.

Еске салайық, бұл қылмыстың бетін полицейлер былтыр көктемде қауіпсіздік комитетімен бірлесе ашқан болатын. 9 сәуірде Талқайраң ауылының маңынан күштеп өлтірілген ер адамның мүрдесі табылған еді. Сөйтіп, Атырау қаласының бес тұрғыны тұтқындалып, Қылмыстық кодекстің «Адам ұрлау» және «Кісі өлтіру» баптары бойынша айып тағылды. Жақында сот оларға шешуші шешім шығарды.

Тергеу қорытындысы бойынша психотроптық препараттар сатумен айналысатын 28 жастағы азаматша өзінің бұрынғы бірге тұратын көршісімен жанжалдасып қалады. Ақыры оны өлтіруге бел байлайды. Қылмысқа өзімен бірге төрт адамды тартады. Арасында тұтынушылары да бар. 8 сәуірге қараған түні үйге оралған жәбірленушіні ұрып-соғып, көлікпен қала сыртына әкетеді. Сол жерде тірілей жерге көмеді. Сот олардың бәрін кінәлі деп танып, 15 жыл бас бостандықтарынан айыруға үкім шығарды.     

Аман ШАМАР

20190411180347 92208

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button