Жарнама
БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарЭкология

Атырауда құстар өлімі тіркеліп, арнайы комиссия құрылды (+ВИДЕО)

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесіндегі «Рыбаходный» каналында тіркелген құстар өліміне орай арнайы комиссия құрылды.

4 қарашада қорыққа қарасты оң жақ Яицкий каналының теңіз сағасында «Павлодар өзен порты» ЖШС-нің су астын тереңдету жұмыстары бойынша жүргізілген «Жаңа каналдағы» рейд кезінде 15 суқұзғын мен 5 шағаланың өлекселері табылды.

Сондай-ақ, 5 қарашада 40, ал, 6 қарашада 4 және 7-8 қараша күндері 15 баклан мен 2 шағала тіркелді. Барлығы 81 өлі құс арнайы шұңқырда өртеліп, бірнешеуі сараптама жұмыстары үшін Нұр-Сұлтан қаласына жіберілді.

«Тиісті биоматериалдар алынып, астанадағы ветеринария бойынша ұлттық референт орталығына жіберілген. Атырау облысы экология департаментінің мамандары резерваттағы су, ауа және топырақтан сынама алды. Енді соған талдау жүргізеді» деп мәлімдеді орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, аталған іс бойынша шұғыл түрде комиссия құрылып, тексеріс жұмыстарын бастап кетті. Комиссияның алғашқы отырысы бүгін өтеді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button