Атырауда құрықталған қылмыстық топ тұрғындардың малын ұрлап келген

00ba8be7462db88e782f935934ff1e3f Жаңалықтар

Атырауда мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды.

Департамент бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтың нұсқауымен өңірде орын алған мал ұрлығы қылмысының алдын-алу, ашу бағытындағы шаралар күшейтілді.

Жедел іздестіру шаралары барысында биылғы жылдың ақпан, қазан,  желтоқсан айларында Махамбет ауданының Еңбекшіл ауылдық округіне қарасты жайылымнан тұрғындардың малын қолды еткен қылмыстық топ ұсталды.

Полицейлер қылмыстық топтың бірнеше жылқымен қатар, сиыр, түйені (9 қылмыс) қолды еткендерін анықтады. Топ құрамындағы
Махамбет ауданы мен Құрманғазы ауданының   жастары 38  бен  52 жастағы екі тұрғыны   уақытша ұстау орнына қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жалғасуда.

Естеріңізге салсақ,  биылғы жылдың 11қаңтарынан бастап, мал ұрлығы   қылмыстың ауыр санатына ауыстырылды. Сондай-ақ, осы заңда көзделгендей, мал ұрлағандар мен малынан айырылғандар өз-ара ымыраға келе алмайды, оған тиым салынды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз