Атырауда құны 67 млн теңге болатын заңсыз темекі өнімдері анықталды

d18a0288062a44a1b2aa7d4990bb375c Жаңалықтар

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің рейдтік іс-шаралары барысында 67 178 454 теңге сомасына 96 069 қорап заңсыз темекі бұйымдары анықталды.

«Кәсіпорын өз қызметін мемлекеттік кірістер органдарында темекі өнімдерін көтерме сатушы ретінде тіркеусіз жүзеге асырды. Бүгінде салықтық тақырыптық тексеру актісі жасалды», – делінген Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан хабарламада.

Қорытындысы бойынша тексеру материалдары процестік шешім қабылдау үшін сотқа беріледі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз