Жарнама
Жаңалықтар

Атыраудағы «Байзар» сауда орталығында құны 200 теңге болатын көп реттік маскалар сатылымға шығады

Atr.kz/19 наурыз, 2020 жыл. Атыраулық аналар қолдан маска тігуде. Бұл туралы Атыраудағы Азаматтық орталық мекемесінің басшысы Әйгерім Досқалиева өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

Білгеніміздей, аталмыш орталық  аналар арасында «маска тігіп, өз қалаңа көмектес!» деген ұран тастап отыр. «Осыдан біраз бұрын  #Іскерана жобасы бойынша мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған, әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы аналар тігіншілер курсын оқыған болатын.

90176457 1144488475721344 3730945477655396352 n


Міне, енді олар бірнеше рет пайдалануға болатын маскалар тігуді бастады, оларды қаладағы тігін шеберханалары, ателье тігіншілері де қолдап жатыр.
Іскер аналар қолдан тіккен маскалардың 10%-ы осал топтағы жандарға тегін беріледі.
Құны 200 теңге болғандықтан, бұл бір реттік маскаларға қарағанда әлдеқайда сапалы.
Қазіргі таңда, біздің базада 22 тігін шеберханалары, ательелер бар» делінген  Әйгерім Досқалиеваның Фейсбуктегі парақшасында салынған постта.

Енді бұл көп реттік маскалар бүгін сағат 14.00-де «Байзар» сауда орталығында сатылымға шығады.

Еске сала кетелік, әлемде тарап жатқан коронавирус пандемиясы салдарынан елімізде төтенше жағдай енгізілді. Қазіргі уақытта Қазақстанда медициналық маска тапшылығы сезілуде.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/koronavirustyң-emi-tabyldy-ma/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button