Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда Құнанбаев, Берғалиев және Қошқарбаев көшелеріне жөндеу жұмыстары басталады

Құнанбаев, Берғалиев және Қошқарбаев көшесіне жөндеу жұмыстары басталады.

«Жалпы ұзындығы 2,7 шақырымды құрайтын бұл аумаққа биыл ашық электронды конкурс жарияланып, мердігер анықталды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізетін «Атырауинжстрой» мекемесімен келісім шарт жасақталуда. Тиісті жұмыстар шілде айында басталады», — деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігі.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мамандарының айтуынша, құрылыс жұмыстары кезінде толықтай автокөлік жолының беткі қабаттары алынып, жаңадан салынады. Сонымен қатар, жоба шеңберінде граниттік жиектастарды орнату, жаяу жүргінші жолын салу және жол белгілерін жаңғырту жұмыстары көзделген.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button