Жаңалықтар
Атырауда Құлманов көшесіне жөндеу жұмыстары басталады
Атыраудағы Құлманов көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жасалады.
Атырау қалалық әкімдігі 8 маусым сағат 09:00 ден бастап Құрманғазы көшесі мен Т.Бигелдинов көшесі аралығында орташа жөндеу жұмыстары басталуына орай 350 метр қашықтықта жол жабылатынын хабарлайды.
Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мамандарының айтуынша, құрылыс жұмыстары кезінде толықтай автокөлік жолының беткі асфальт қабаттары алынып, жаңадан салынады. Сонымен қатар, жоба шеңберінде жаяу жүргінші жолын салу және жол белгілерін жаңғырту жұмыстары көзделген. Жұмыстар жоспар бойынша кезең кезеңімен жүргізілетін болады