
Жаңалықтар
Атырауда қойма өртеніп, бір адам зардап шекті
Atr.kz/27 наурыз, 2020 жыл. «Өрт ағаш есіктердің үлкен партиясы сақталған қоймадан шықты.
Ғимараттың ішінде басталған өрт шатырға өткен. 125 шаршы метр жерді шарпыған жалын толық сөндірілді. Салдарынан 1955 жылғы ер адамның аяқ-қолдарын күйік шалды. Ол оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», — деді Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Жанна Қисықова.
Оның мәліметінше, тілсіз жаумен күреске өрт сөндіру қызметінің 13 адамы және үш техникасы жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталуда.
ҚазАқпарат