67035764 728759857558683 2152865070223196160 n

Атырауда қоғамдық көліктер паркі тағы 10 автобуспен толықты (+ФОТО)

Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ Қоғам

Atr.kz/22 шілде, 2019 жыл. Бүгін, 22 шілдеде 10 автобус №10 және №20 бағыттары бойынша жолға шықты. Облыс орталығы қоғамдық көлік тұжырымдамасын жүзеге асыруды жалғастыруда, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қала ішінде жолаушылар тасымалына арналған бұл автобустардың ұзындығы 8,5 метр.Сыйымдылығы 50 жолаушы. Қостанай қаласынан шығарылған «Ankai» маркалы автобустар «Айс Транс Холдинг» мекемесіне сенімгерлік басқаруға берілген.

– Облыс әкімінің тапсырмасымен қоғамдық көліктерді жаңарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қоғамдық көліктерді «Айс Транс Холдинг» мекемесіне сенімгерлік басқаруға беріп жатырмыз. Оның бесеуі №10 автобусқа, қалған бесеуі №20 автобусқа берілді. Автобустар қазіргі заман талаптарына сәйкес келеді. Ішінде арнайы салқындатқышы, мүмкіндігі шектеулі жандарға пандустар орнатылған, сондай-ақ, 4 бейне бақылау камерасымен жабдықталған, – дейді жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әсет Оразғалиев.

Айта кетейік, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Атыраудағы қоғамдық көліктің жаңа тұжырымдамасын енгізу туралы жариялады. Жолаушылар тасымалы реформасы жаңа автобустар сатып алуды, қосымша бағыттарды дамытуды, сондай-ақ қалалық қоғамдық көлікте қызмет көрсету сапасын жақсартуды қамтиды.

67084919 728759797558689 1207007718527729664 n
67062342 728759830892019 7059700395123146752 n
67110866 728759774225358 2875183307035770880 n
67452443 728759894225346 206453490166267904 n

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған