Жаңалықтар

Атырауда «Қоғамдық көліктегі біз» акциясы өтуде

Атырауда облыстық білім беру басқармасының балаларға қосымша білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік орталығының бастамасымен “Тәрбие тамыршысы» жобасын жузеге асыру аясында 9-14 қыркүйек аралығында «Қоғамдық көліктегі БІЗ!» акциясы өтуде.

Облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарованың хабарлауынша, акция барысында оқушылар мен студенттердің қатысуымен қоғамдық көліктегі арнаулы орындар туралы ақпараттандыру (қариялар, балалы аналар отыратын орындар), қоғамдық көлік мәдениеті, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық жасау, ауыр заттарын алып беруге көмектесу секілді тағы да басқа әдептілік қағидаттарын сіңіруге арналған түрлі форматтағы шаралар ұйымдастырылады.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button