Атырауда Қазақстан халқының бірлігі күні тойланды

c2d35e77 3874 4a7f 820e dda40f710707 Жаңалықтар

Бейбарыс алаңында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған «Бір шаңырақ астында» атты салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

dd5f91d1 9970 4103 930e 79304b749010
default

Шара шымылдығы музыкалық – театрландырылған композициямен ашылды. Кейін облыс әкімі Серік Шәпкенов бұл күннің маңыздылығына тоқталып, жерлестерді мерекемен құттықтады. 

– Кең байтақ Қазақстанда жүзден астам ұлт бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Елімізде тіліміз, дініміз, басқа да өзіміздің өзгеше әдет-ғұрпымызға қарамастан барлық ұлтқа тең, әділ жағдай жасалған. Өзге мерекелерден ең мейірімді, достықты насихаттайтын – осы Қазақстан халқының бірлігі мерекесі. Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ елінде өмір сүріп жатқан көптеген ұлттың кей жағдайда өз елінен тарыдай шашылып, біздің өлкеге келіп, үйін тұрғызып, елімізге адал қызмет істеп жатқанын білеміз. Қазақ халқы олардың ешбірін шеттетпей, бауырына басып, туысындай көрді. Ал олар осы күнге дейін қазақ халқына алғысын айтып келеді. Сондықтан бұл мерекенің мәні мен мағынасы бөлек. «Іргесі берік елді жау алмайды, ауызбіршілігі бір елді дау алмайды» демекші, іргеміз сөгілмесін, бірлігіміз берік болсын! Әрқашан еліміз аман, жұртымыз тыныш, бейбітшілік күнде елімізге адал қызмет етейік. Ұлтаралық достығымыз мығым, бір-бірімізге сый-құрметіміз молынан болсын!-деді С.Шәпкенов.

995e5489 75b2 4325 a2c4 3e75bf27a46a

Салтанатты шара өңірдегі этномәдени орталықтардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз