Жаңалықтар
Атырауда «Қауырт желі» қайта іске қосылды
Аймақтағы су тасқыны жағдайларына байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында «Қауырт желі» қайтадан жұмысын бастады.
Департаменттің қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, қауырт желінің негізгі мақсаты – облыс тұрғындарына ақпарттық және психологиялық көмек көрсету.
–Орталық 23 мамырда жұмысын бастағаннан бері 22-ден астам қоңырау келіп түсті. Қоңыраулардың легі ақпараттық сипатта болды. «Қауырт желі» демалыссыз тәулік бойы 45-41-47, 45-07-00, 45-14-75 нөмірлері бойынша қызмет етеді, — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.