Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда қатты желден электр желісі істен шықты

Атырау қаласында қатты желден сымдары үзілген елді-мекендердің электр жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды atr.kz “Атырау Жарық” АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта қатты желдің салдарынан істен шыққан Атырау қаласындағы “КСМ”, “Химик”, “Рыбник”, “Железнодорожник”  Көкарна, Курилкино елді-мекендердің  электр  жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

“6 кВ әуе электр желісінде сымның үзілуіне байланысты, кері қалыпқа келтіру үшін күннің екпінді жел болуына байланысты гидравликалық көтергіш (АГП) жұмыс атқару үшін кедергі беріп тұр. Желдің жылдамдығы азаюына байланысты, ақауды қалыпқа келтіру жұмыстары атқарылатын болады”,- делінген хабарламада. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button