АТЫРАУДА ҚАТТЫ ЖЕЛ МЕН БҰРҚАСЫН КҮТІЛУДЕ
21 қараша күні Атырау облысының солтүстігінде бұрқасын болуы ықтимал.
Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с жел соғады.
21 қарашада Атырау қаласында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с болады.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
— егерде сіз көшеде қатты желге тап болсаңыз, ғимараттар мен құрылыстарды паналаңыз;
— қатты желден үйлердің қабырғаларына қарай тығылмаңыз, өйткені, шифер және басқа да шатыр материалдары желмен ұшуы мүмкін;
— жоғары қабаттың терезелерінен құлаған әйнек, сондай-ақ желмен жыртылған шатыр элементтері қауіпті болуы мүмкін;
-үзілген сымдарға жақындау қауіпті;
— сонымен қатар билбордтардан, маңдайшалардан, жол белгілерінен, электр желілерінен аулақ болыңыз;
— үлкен ағаштардың жанында болу, сондай-ақ олардың жанына автокөліктерді қою өте қауіпті болуы мүмкін;
— үйлердің барлық терезелері мықтап жабылып, құлап кетуі мүмкін балкондар мен лоджиялардан аулақ болған абзал;
— автокөлік құралдары мен шағын қайық иелері тез өзгеретін ауа-райы жағдайларын ескеруі тиіс.