Атырауда Қарттар үйіне сыйлықтар пакетін тарту етті
«Амир-Холдинг Казахстан» ЖШС жаңа жылдың қарсаңында Атырау қаласындағы облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған №4 арнаулы əлеуметтік қызметтер көрсету орталығында іс-шара өткізіп, сыйлықтар таратты, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.
Жеке кәсіпкер Гүлмира Байзақованың бастамасымен ұйымдастырылған шараның негізгі мақсаты — қарттарды қуантып, қайырымдылық жасау.
Шара ұйымдастырушыларға қариялар риза болып, шынайы тілектерін білдірді. Соның ішінде ұйымдастырушылар Фоая Гатауллина, Яш Абижановтың риза көңілдеріне қуанып қалғанын айтады.
«Менің ұлтым татар болғанымен, жаным қазақ. Бұрынырақта көптеген ТМД елдерінде болдым. Аралап жүргенде жаныма жақын келгені Қазақстан еді. Осы елде тұрып жатқанымды мақтан етемін», -деді Қарттар үйінің тұрғыны Фоая Гатауллина.
Сондай-ақ, «Амир-Холдинг Казахстан» ЖШС келесі аптада Атырау облыстық онкологиялық диспансеріне барып, науқастарға сыйлықтар пакетін таратып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлауды да жоспарлап отыр.
Нұргүл Насыр