Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда «Қарттар үйін» 86 адам мекен етіп жатыр

atr.kz/29 қыркүйек, 2020 жыл. 104 жастағы тұрғын Халық арасында «қарттар үйі» аталып кеткен Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйле стіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасының №4 арнаулы əлеуметтік қызметтер көрсету орталығын қазір 86 адам мекен етеді екен.

43 мүгедек, 43 зейнеткер бар. Алуан тағдыр иелерінің арқалаған мұңы ауыр. Бірі – өзегіне өкініш ұялатар өткенін айтудан бас тартса, енді бірі «бүгініме шүкір» деп күрсінуден таймайды. Бірінші қабатта қым-қуыт тірлік. Тазалықшылар еден жуып, ертеңгілік тазалық жұмыстарын жасаса, таяққа сүйенген ата-əжелерді таңертеңгі ауамен тыныстауға есік алдына жетелеген қызметкерлердің де қарасы көп.

– Мұнда облыстың əр ауданынан келген адамдар жиылған. Мəселен, Атырау қаласының өзінен 63 адам болса, Исатай ауданынан – 1, Мақаттан – 1, Индерден – 5, Жылыойдан – 10, Махамбет ауданынан – 3 жəне Құрманғазы ауданынан 3 адам бар. Қызмет алушылардың жас мөлшері де əрқилы, ең егде жастағы тұрғын 104-те, ең жасы 32 жастағы І топ мүгедегі, — дейді мекеме басшысы Қилымқас Күзембаева жалпы ахуалмен таныстыра отырып.

«Аталған жандардың арасында қазақ ұлтының саны аз болса екен» деген үмітпен сауал қойғанбыз. Орталық басшысы мұнда орыс, молдаван, татар, украин, башқұрт, кəріс, шешен ұлттарының өкілдері бар, басым көпшлігі қазақтар екенін айтты. Жетім деген ауыр сөз. Ал, қартайған жанның жоқтаушысы болмай, жетім атануы тіптен ауыр екені сөзсіз. Алайда, қарттар үйі тұрғындарының көпшілігі – ағайын-туыс, жекжат-жұрағаты жоқ, яғни артында іздейтін адамы жоқ жандар. «Біздің ішкі талапқа сай, балалары бар адамды бұл жерге ала алмаймыз» дейді мекеме басшысы.

Мұнда қарттарға қажетті қызмет түрін көрсететін мамандар жеткілікті. Басы ауырып, балтыры сыздай қалса дер кезінде тиісті көмек көрсететін дəрігерлермен қатар, тағайындалған дəрі-дəрмекті уақытылы ішуін қадағалайтын медбикелердің орны бөлек. Сол секілді күнделікті ас мəзірін қадағалаушы, аспаз, ыдыс жуушы, жеке күтімге жауапты қызметкерлер, тазалықшылармен қоса, шаштараз, массаж жасаушы, психолог, еңбек терапиясына баулушы, түрлі санаттағы санитарлар да бар.

Ал, барлық жасалуы тиіс жұмыстарды қадағалап, назарда ұстап отыратын қызметкерлер – əлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар. Əр бөлме керек-жарақпен толық жабдықталған. Теледидарлардың барлығы демеушілер көмегімен кабельді арналарға қосылыпты. Бөлмелердің көпшілігі – екі адамдық. «Орын ауыстырулар, керісінше көршімен келіспей қалу секілді мəселелер қалай шешіледі?» дедік біз. – Əрине, өмір болған соң, бəрі де болады. Бірде дос болып, бірде сəл нəрсеге ренжісіп қалу қарттарымызға жат қасиет емес.

 Өтініштерін ескеріп, орындарын ауыстырамыз. Қартайған шағында көңіл жарастырып, бірге тұруды қалаған қарттарымыз да жоқ емес. Олар үшін сынақ мерзімін тағайындаймыз. Келісілген уақытта кикілжің туындамаса, заңды түрде некеге отырғызып, жұп болып отбасылық өмір кешулеріне жағдай жасаймыз, — дейді мекеме басшысы. Рас екен, мекеме ішінен бір-бірімен табысып отбасын құрған төрт ерлізайыптыға жағдай жасалып, жеке бөлме беріліпті.

Əлемді əуреге салған пандемия салдары кез келген саланы айналып өтпегені рас.

Үздіксіз жұмысты қажет ететін осы мекеменің жұмысы бұл бағытта қатаң режимге көшіріліпті. Осы мақаланы жазу мақсатымен арнайы келгенімізбен, ішкі жағдайды көзбен көруге, яғни, аралап шығуға рұқсат берілген жоқ. – Наурыздың 17-сінен бастап, мекеме қатаң режимдегі карантинге жабылды. Қызмет алушылардың ағайын-туыстарымен кездесуіне тыйым салынды. Елді жайлаған індеттің алдын алу мақсатында мекеменің 18 қызметкері 6 сəуірден бастап, 10 мамырға дейін отбасыларынан қол үзіп, тəулік бойы қызмет алушылардың жандарынан табылып, өз міндеттерін атқарды. Соның арқасында қызмет алушылар аталмыш індеттен аман шықты. Мекемеде сақтық шаралары əлі жалғасуда, — деген мекеме басшысының сөзінің жаны бар. Кірген сəттен-ақ бізге ескерту беріп, ішке енуімізге, аралап көруге рұқсат берілмегені де сондықтан. Талап ортақ. Орындауға міндеттіміз.

Айта кету керек, коронавирус індетімен күрес кезінде белсенділік танытып, қызмет алушылардың жағдайын  жасап, алғысына бөленген мекеменің қос қызметкері – шаруашылық қызмет кері  Г.Сұлтанова мен күтім жөніндегі санитар Б.Кенжеғалиева Қазақстан Ре спубликасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығына сəйкес «Халық алғысы» мерекелік медалімен марапатталыпты.

 – Қазір мекемеде 74 қызметкер еңбек етеді. Осы уақытқа дейін 4 қызметкер «Əлеуметтік сала үздігі» төсбелгісімен, 2 қызметкер «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды, — дейді Қ.Күзембаева.

– Бұл – біздің үйіміз. Десек те, бізге адамдармен араласу жетіспейді… Орталық тұрғындарынан көп естіген сөзіміз осы болды.

 – Ол – рас. Үлкен кісілердің бабын табу қиын екені белгілі. Бір-біріне балаша ренжіп, көңілдеріне алып қалатын жағдайлар да жиі кездеседі. Психолог маманмен сөйлестіріп, əңгімелерін тыңдауға талпынамыз. Сонымен қатар, еңбекке баулу арқылы, яғни, қалаулары бойынша тігін, тоқыма ісіне, оқу залдарына, спорт бөлмесіне, аула өсімдіктерін күту жұмыстарына да жұмылдыруға тырысамыз, — дейді мекеме директоры.

 Қазақ қартына қашан да трінен орын берген, аялаған, қамқорлаған. Алайда, тағдырдың жазуымен «жетім шал», «жесір кемпір» атанып, қарттар үйін паналап жүргендердің әлі де кп екеніне қынжылған күйде қош айтыстық. Артта қарттар үйі қалып барады. Құлағымда «Бұл – біздің үйіміз» деген тұрғындардың дауысы қалып қойғандай. Тағдырдың адамдарды таңдамайтыны кінішті-ақ. Тек бір тілек. Қарттар үйі қара шаңыраққа айналмаса екен!..

 Гүлжан ƏМІРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button