Атырауда қара түтінмен ұшқан ұшақ туралы түсінік берілді (+ВИДЕО)

snimok 1 ATR.TV

Atr.kz/22 шілде, 2020 жыл. Авиация мамандары бұл жағдайға қатысты өз пікірлерін білдірді, деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі.

https://youtu.be/5lf4gNfBCOg

Әлеуметтік желілерде Атырау әуежайынан ұшқан әуе кемесінің видеосы жарияланған болатын. Онда ұшақ артынан шыққан қара түтінді байқауға болады. Жергілікті әуежайдың инженерлік-авиациялық қызметінің бастығы Андрей Кимнің айтуынша, кеше түстен кейінгі уақытта әуежайдан АН-12 жүк ұшағы ұшқан.

–    Ұшу режимінде қоспаның әдеттегі байытылуы орын алып, соның нәтижесінде шығарынды пайда болған. Бұл қалыпты жағдай.Кеңестік өндірістің барлық дерлік ұшағы осындай әсер береді. Ұшақ биіктіктегі номиналды режимге түскеннен кейін, қара түтін жоғалады. Сондықтан алаңдайтын себеп жоқ, – деді Андрей Ким.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз