
Жаңалықтар
Атырауда қар жауды: қаланы қардан тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
«Арнаулы автобаза» мекемесі Атырау қаласын қардан тазалау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті. Қазір 8 трактор, 3 жол көлігі, 4 тиегіш (погрузчик) және 15 самосвал жұмылдырылды.

Қаланы қардан тазалауға 100 жұмысшы тартылды.
Нұргүл Насыр