Жарнама
ЖаңалықтарБЕЙНЕЖАЗБАШаһар шырайы

Атырауда қар тазалау жұмыстары жүргізілуде (+ВИДЕО)

Атырауда  «Спецавтобаза» мекемесі  қала және ауылдық округ ішіндегі көшелерде қар тазалау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

https://youtu.be/Boaflx2-S0g

Биыл қаңтар айында қар былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп жауды.

Қазіргі таңда, қала ішінде 12 трактор, 4 қар тиегіш техника мен 180 адам қар тазалау жұмыстарына жұмылдырылды.

Күніне 250-280 шаршы метр қар қала сыртына шығарылуда. Бүгінгі күнге дейін 4 мың шаршы метр қар қала сыртына шығарылды.

Сондай-ақ, арнайы техника қаңтар айынан бастап жолдың тайғақтығын болдырмас үшін 200 тонна құм аралас тұзды  барлық жолдарға сеуіп шықты, деді «Спецавтобаза» мекемесінің басшысы Алмас Ізтлеуов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button