#Birge #TazaQazaqstan

IMG 20190725 235728 Жаңалықтар

Atr.kz/26 шілде, 2019 жыл. Атырауда осындай хэштегпен экологиялық қозғалыс бастау алды. Акция аясында қала аумағындағы барлық су тоғандары мен Жайық өзенінің жағалаулары қоқыс қалдықтарынан тазартылды.

Түрлі мекеме, кәсіпорын, өнеркәсіп ұжымдары мен жергілікті тұрғындар қолдарына қолғап киіп, қап алды. Игі бастамаға «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Аtyray» телеарнасы және «Алаш» қоғамдық ұйымының ерікті жастары да атсалысты. Сөйтіп, өзен жағасы аз уақыттың ішінде артық заттардан арылды.

– Бірден-бір ауыз су көзі, әрі балықтар мекені – Жайықтың тазалығы үшін бәріміз бірдей жауаптымыз. Сондықтан республиканы қамтыған науқанның мәні де, маңызы да жоғары. Арнайы автобуспен және қажетті құралдармен қолдау білдірген жергілікті әкімдікке алғыс айтамыз, – дейді жастар бірауыздан.

3351514f 4c29 41cd b346 83a64efaf6d0

Нәтижесінде, Бесікті, Талғайраң, Ақжар, Ақсай, Томарлы, Геолог, Жұмыскер, Еркінқала, Ракуша, Ақжайық, Көкарна, Химик, Жаңаталап, Амангелді, «Ақжайық» резерваты, Кеңөзек, Перетаска мен Соколок өзегі, Авангард ықшамауданы, Жеңіс саябағы, облыстық аурухана, теміржол мен бұрынғы салтанат сарайының маңы қалдықтан тазарды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз