Атырауда “Қар ханшайымы” атты ертегі сахналанды
“Былина” орыс этно-мәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен “Қар ханшайымы” атты ертегісі сахналанды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара мақсаты — достыққа деген құрмет, адалдыққа тәрбиелеу. Өзгенің пікірін мұқият тыңдай білуге, топпен, жұппен жұмыс жасай білуге, жақсы әдеттерге үйрету.
—Жалпы аталған “Вдохновение”үйірмесі Атырау тұрғындарына танылып үлгерген. Ө.Атамбаев атындағы №8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Лариса Шереметованың күш жігерімен құрылған ұжым толығымен осы мектептің оқушыларынан құралған және бір жыл бұрын Құрманғазы атындағы мәдениет үйі сахнасында “Морозко” спектаклімен көрермендердің есінде жақсы сақталған. Міне, бұл жолы да “Қар ханшайымы” ертегісінің қойылымы үлкен жетістікке жетті!
Келушілер санының көптігіне байланысты Достық үйінің шағын залында орындар жеткіліксіз болды, сондықтан кейбір көрермендер қойылымды тұрып көруге мәжбүр болды. Бірақ балалардың бақытты жүздері барлық қолайсыздықтың орнын толтырды,- дейді “Былина” орыс ЭМБ төрағасы Андрей Кораблев.
Қойылымнан кейін актерлар флэшмоб ұйымдастырып, көрермендермен бірге би биледі және ертегі кейіпкерлерімен суретке түсті. Кішкентай көрермендер ұзақ уақыт бойы ертегі кейіпкерлерімен қоштасқысы келмеді.
“Былина” орыс ЭМБ көрермендердің көрермендердің қызығушылығын ескере отырып, келесі спектакльдер үшін жаңа, кең зал табуға ниетті екендерін жеткізді.
Ұлбосын Марсова