Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда қант зауытының құрылысы басталады

Көп кешікпей Атырауда қант өңдеу зауыты салынады. Осы мақсатта Атырау облысының әкім Серік Шәпкенов “Голбридж” халықаралық компаниясы» ЖШС басшылығымен кездесті. Онда тараптар өңірде қант өңдеу зауытының жобасын талқылады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

ee83f9e7 d6e9 4feb b51e e6b36f28a5d5

Компания басшысы Лина Тайкеннің айтуынша, олар Атырауда жылына 144 мың тонна өңделген қант шығаратын, яғни қуаттылығы осындай зауыт салуды көздеп отырғанын жеткізді.

-Жоба жүзеге асқан жағдайда бір ғана аймақтағы емес, тұтастай елдегі қантқа деген қажеттілікті қанағаттандыруы тиіс. Біз қант қызылшасынан ашытқы дайындайтын Қытайдың жетекші компаниясымен тәжірибе алмасып, оның технологиясын жан-жақты меңгердік. Олар біздің жобамызды қолдап, сол үшін 80% инвестиция құюға әзір екендіктерін мәлімдеді. Жобамызды Атырау облысында жүзеге асыру мерзімі жыл жарым уақытқа созылады. Ресми құжаттар дер мезгілінде дайын болған жағдайда, 2026 жылдың жазында зауытты іске қосамыз. Қанттан бөлек, өнімнің төрт түрін шығаратын боламыз. Көздеген мақсатымыздың орындалуы үшін сізден жер телімін бөлуді өтінеміз, — деді Л.Тайкен.
Облыс Серік Шәпкеновтың айтуынша, күні бүгінге қанттың 90%-ы басқа елдерден әкелінеді. Аймақ басшысы «Голдбридж» компаниясы ұсынған жобаны толығымен қолдап, қажетті көмегін көрсетуге әзір екендігіне сендірді.
– Біз үшін бұл аса қажетті және тиімді жоба. Атырауда қант қызылшасын өсіруге жарамды жер табылады. Осындай жобалардың арқасында біз өз өнімдерімізбен ішкі нарық сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, аграрлық секторды дамытуға да даңғыл жол ашамыз. Атқарушы билік тарапынан жобаны қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз етуге әзірміз, — деді Серік Жамбылұлы.
Сөзінің соңында облыс әкімі жер телімін ұсынудың нұсқаларын қарастырып, үш жақты меморандум жасақтауға қажетті құжаттарды дайындау жөнінде тиісті құрылым басшыларына тапсырмасын берді.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button