COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарҚоғамҚұқық
Атырауда қандай қызметтерге тыйым салынады?
Atr.kz / 10 шілде, 2020 жыл. Мейрамхана, асхана және барлық қоғамдық тамақтану орындары, сондай-ақ, азық-түлік емес дүкендер енді тек қана жеткізіп беру қызметімен ғана айналыса алады.
Ал, көпшілік және отбасылық шараларға бұрынғыдай тыйым салынады.
Бұл туралы Атырауға арнайы келген Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. Сонымен қатар, Атырауда Алматы-Атырау, Ақтөбе-Атырау және Маңғыстау-Атырау бағытындағы жолаушылар пойызы тоқтатылды.
Сол секілді, вахталық әдіспен жұмыс жасайтындар үш күн бұрын коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР-тест тапсырады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Сурет автордікі