Атырауда қамыс өрті сөндірілді
«19 мамыр күні басталған өрт 24 мамырда толықтай ауыздықталды» деп хабарлайды Atr.kz
«112» Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің Call орталығына түскен қоңыраулардан кейін, ҚР ТЖМ «Казавиақұтқару» АҚ-ның Батыс өңірлік филиалының «МИ-8» тікұшағымен әуеден барлау жұмыстары жүргізілді.
Жану Кеңөзек ауылдық округі, Тасқала ауылынан шамамен 40 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында орын алған.
Қамыстың жануын сөндіру бойынша іс-қимылдарды үйлестіру үшін Департаментте жедел штаб құрылып, күнделікті мониторинг жүргізіліп отырды.
Каспий теңізінің жағалауындағы қамыстың жануын толықтай сөндіруге Атырау облысы Төтенше жағдайлар қызметінің күш-құралдары 19 мамырдан бастап жұмылдырылды.
Өртті сөндіруге 40-қа жуық қызметкер қатысты.
Мамыр айының 19 мен 23 аралығында «МИ-8» тікұшағы 33 рет әуеге көтеріліп, ВСУ-5 арқылы (су төгу құрылғысымен) 127 тоннадай әуеден су шашылды.
Қазіргі таңда кезекшілік жалғасуда» делінген Атырау облысы Төтенше жағдай департаменті таратқан мәліметте.