Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда қамыс өртеніп, тұрғын үйді шарпыды

23 наурызда Атырау қаласы Шакиров көшесі тұсында Перетаска каналының жағалауы бойында қамыс өртенді.

 «Өрт саяжай учаскелеріне ұласып, салдарынан 1 жазғы үй және шаруашылық құрылыс (сарай, тауық қора, жылыжай) бөліктері бүлінді. Қамыстың жану аумағы 1.5 га құрайды. Өрт 15:04 сағатта оқшауланып, 15:37 сағатта толықтай жойылды.

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ», — деп хабарлады облыстық  ТЖД баспасөз қызметі.

Өрттің себебі болжам бойынша, саяжай учаскесінде қоқысты жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан туындап отыр.

Өртті сөндіруге барлығы 53 адам мен 12 бірлік техника жұмылдырылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button