Атырауда қала күніне орай 380 көшет жеміс ағашы отырғызылды
atr.kz/2 қазан, 2020 жыл. Атырау қаласының 380 жылдық мерейтойына орай Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жеміс ағаштарын отырғызу іс-шарасына қатысып, өзі де көшет отырғызды.
380 түп жеміс ағашы бұған дейін атыраулық еріктілердің ұсынысымен ашылған «Балықшы» саябағындағы 2 гектар алаңға отырғызылды. Өңір басшысы Махамбет Жолдасғалиұлы алма ағашын отырғызғаннан кейін қала көлемінде ұйымдастырылып жатқан көгалдандыру шарасының маңыздылығына тоқталды. Тал отырғызу жұмыстары облыс көлемінде де ұйымдастырыла беретінін атап айтты.
Іс-шараға қатысқан ардагер Ақмырза Батырхайыров облыс әкімі Махамбет Жолдасғалиұлы бастаған игі шараға ризашылығын білдіріп, батасын арнады.
Айта кетейік, Атырау қаласының 380 жылдық мерейтойына орай жалпы 1000 дана жеміс ағашы мен тал отырғызу рәсімі екі күн бойына өтеді. Отырғызылып жатқан көшеттердің арасында Алматының алма бағынан әкелінген жоғары сортты алма ағаштары да бар.