Оқулықтар сатып алуға облыстық бюджеттен жарты миллион теңге бөлінді

ФОТО КІТАП Білім

Атырауда оқулықтар сатып алуға облыстық бюджеттен жарты миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді.

ФОТО - КІТАП

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында қалалық білім беру бөлімінің басшысы Света Аманшиева мәлімдеді. Оның  айтуынша, жаңа оқу жылының алғашқы кезеңінде қала мектептерінде оқулықтар жетіспеушілігі орын алған.

«7 республикалық баспадан кітаптар сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 480 миллион 408 мың теңге қаражат бөлінді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Мектепке жол» акциясы бойынша көп балалы және аз қамтылған отбасылардан 3545 балаға киім, оқу құралдары үлестірілді»,-дейді Света Аманшиева.

Қазіргі таңда мектептердегі оқулықтар жетіспеушілігі толықтай шешімін тапқан.

Айдос Қарабала

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз