
Жаңалықтар
Атырауда қала күні аталып өтті
Бүгін елміздің мұнайлы астанасы өзінің 383-ші туған күнін атап өтті, деп хабарлайды AtyrauPress.
Басты шара қала орталығындағы Исатай мен Махамбет алаңында өтті. Мерекелік концерт кезінде атыраулықтарды Бейбіт Қорған, SADRADDIN, ZAMAN тобы, Бейбіт Кушқалиев және тағы басқа эстрада жұлдыздары құттықтады.

Ауа райының салқын болғанына қарамастан, орталық алаңға жұрт көптеп жиналды. Өнер иелері Атырау мен оның қонақтарына есте қаларлықтай әдемі көңіл-күй сыйлады.


Концерттік бағдарлама жергілікті өнерпаздардың шырқауымен “Атырау — арман” әнімен аяқталды. Мұнан соң мерекелік отшашу шашылды.