Жарнама
ЖаңалықтарСаясатҚоғам

Алғыс айту күні Атырауда мұқтаж отбасы баспаналы болды

Бүгін Атырауда басталған «30 игі іс» акциясы аясында «Атырауинжстрой» ЖШС бас директоры Әділбек Нұрлығожиев көп балалы ана Нина Слежоваға 2 бөлмелі пәтер кілтін табыстады.

Жиынға облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің қатысуы да айтулы күннің мәні мен маңызын айшықтай түсті.

Бүгін – бірнеше маңызды даталар тоғысқан күн. 1 наурыз – тек «Алғыс айту» мерекесі ғана емес, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Nur Otan» партиясының да құрылған күні. Сондықтан, маңызды күннің мәртебесі әрдайым арта берсін!

Аталған құрылымдардың Тәуелсіздіктің тұғырлы болуы үшін маңызы зор. Олардың мемлекет саясатын жүргізудегі, елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы алар орны ерекше. Биыл ел болып, еңсе тіктеген Тәуелсіздікке – 30 жыл. Айтулы мерейтой отандастарды ортақ мүдде жолында біріктіретін айшықты істерге толы болмақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында ортақ құндылықтар қалыптастыруға ерекше тоқталды. Елді, қоғамды біріктіре түсетін ізгілікті істер біздің облыста да кең ауқымда қолға алынады.

Былтыр күллі әлем үшін де, ел үшін де күрделі сынақтарға толы болды. Пандемияға байланысты енгізілген төтенше жағдай кезеңде жерлестер қайырымдылықтың жарқын үлгісін көрсетті. Мәселен, 3000-ға жуық волонтер 4000-нан астам аз қамтылған отбасы, жалғызбасты қариялар, көп балалы аналар мен мұқтаж азаматтарға көмек берді. Облыс халқының саулығы үшін медицина және әлеуметтік сала қызметкерлері, волонтерлер,  құқық қорғау органдарының өкілдері мен мұғалімдер жұмылды. Ал, бірнеше ірі кәсіпорын, меценаттар мен «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы, Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық құрылымы да аянып қалған жоқ. Өзгеге қол ұшын созуда өз үлестерін қосқан барлық азаматқа бүгінгі сәтті пайдалана отырып, ризашылығымды білдіремін, — деді облыс әкімі М.Досмұхамбетов.

Бүгінгідей игі бастамаға мемлекеттік қызметшілер де қолдау білдірді. Облыстық ішкі саясат басқармасының ұжымы өз жалақылары есебінен облыстық балалар ауруханасында ем алып жатқан онкологиялық сырқатпен ауыратын 5  балаға планшет табыс етті.   

Бұл бастаманы Атырау қалалық мәслихатының хатшысы Қаршыға Елемесұлы жалғастырып, 18 депутат 18 аз қамтылған отбасын жыл бойы азық-түлік себетімен қамтамасыз етуге дайындығын білдірді.

  • Былтыр жыл соңында Көкарна елді мекеніндегі Грушевая, 6 мекен-жайындағы зейнеткер Рамазан Тәжиевтің үйі өртеніп, жарамсыз болып қалды.  «ТАМIN» мекемесінің атқарушы директоры Ілияс Қонысбаев 600 мың теңге көлемінде құрылыс материалдарымен баспанасын қалпына келтіруге көмек көрсететінін атап өткім келеді. Әрине, аталған қайырымдылық жұмыстар осымен шектелмей, жыл бойына жалғаса береді, — деді Қ.Оразбаев.

Жиын барысында аудан әкімдері де бейнебайланысқа шығып, басталған шараны жалғастыруды қолдауға әзір екендіктерін жеткізді. Мәселен, Жылыой ауданының әкімі Халел Жамалов талай қайырымды істің қолдаушысы болып жүрген «Си Си Компаниясы» өкілі Орақ Әнуарбекұлы 100 отбасыны қамқорлыққа алып, азық-түлікпен тұрақты түрде қамтамасыз ететінін айрықша атады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

#марафондобрыхдел

#қайырымдылықмарафоны

raprparaprpara

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button