Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда қайық соқтығысынан зардап шеккен науқастар тиісті ем қабылдауда

3 шілде күні сағат 20:05 шамасында Жайық өзенінде қайықтар соқтығысқан. Біреуінде 10 адам, екінші қайықта 25 адам болған. Әр түрлі дене жарақатын алған 7 адам ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

— Атырау облыстық ауруханасына 3 науқас медициналық көмекке жүгінді. Оның 2 еуі амбулаторлы ем қабылдауға үйіне жіберілді. Лор бөлімінде 1 адам ем қабылдауда. Облыстық балалар ауруханасына 4 бала көмекке жүгініп, 1 еуі амбулаторлы ем қабылдауда.2017 жылғы науқастың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде, 2009, 2007 жылғы әр түрлі дәрежеде жарақат алған, — деді Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Абилова.

Айта кетейік, қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1 бөлігімен (темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button