Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда психологиялық кабинет ашылды

Бүгін Атырауда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Өз-өзіңе көмектес» психология  кабинетінің тұсаукесері өтті. Жобаның авторы және бастамашысы – ағымдағы жылдың маусым айында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арқылы «Бизнес бастау» арқылы 1 млн 380 мың теңге көлемінде мемлекеттік грантты жеңіп алған Гүлмира Шынтемірова.

pomochь

Гүлмира Шынтемірова бала кезінен II топ мүгедегі. Қиын өмірлік жағдайға қарамастан қиындықтарды жеңе отырып, ол қос бірдей жоғары оқу орнын бітірген. Қоғам белсендісі ретінде көптеген іс-шаралардың ұйытқысы болып жүр. Жоғары психологиялық білімі бар Гүлмира ойлана келе өзінің жеке психология кабинетін ашты.

Бұл жобаның мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін психологиялық тренингтер өткізу, олар үшін қолайлы өмір сүру ортасын құру, қолөнерге, бизнес саласындағы сұранысқа ие мамандықтар – SMM, мобилография, электрондық порталдар құру, компьютерлік сауаттылық дағдыларына оқыту.

— «Бизнес бастау» өзім секілді талаптанған жастарға кәсібін ашуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта жеке ғимаратым болғанын қалаймын. Егер мені қолдайтын меценат кәсіпкерлер болса, бұл жобаны кеңейткім келеді. Көп нәрсе жасағымыз келеді. Адамның үміті өшпеуі керек, алдына мақсат қоя білуі керек, – дейді Гүлмира Шынтемірова.

Айта кетейік, биыл «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негізде білім алуға 2 850 адам  жолдама алған. Оның 2 132-сі оқуын аяқтап, 194 адам  жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Ал, 17 адам мемлекеттік грант иегері атанған.

Н.Насыр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button