Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда полицейлер 4 қап балық тәркіледі

Atr.kz/11 наурыз, 2020 жыл. Атыраулық тәртіп сақшылары Жайық-Атырау  бекіре  балық өсіру  зауытына кезекті  балық өнімін өткізді. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жолы   Балық қорына  қылмыстық қол сұғушылыққа  қарсы күрес  бөлімінің  қызметкерлері жедел-профилактикалық іс шарасы кезінде тәркіленген  4 қапқа  лық толтырылып салынған  бекіре балықтарын тәркіледі.

Куәгерлердің көзінше өлшенген өнімнің салмағы — 126 келіден астам. Белгілі болғанындай, тәртіп сақшылары  су маржанын қала  маңында  орналасқан Жұмыскер кентінің   1988 жылғы тұрғынынан тауып, тәркілеген.   Сотқа  дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 339 бабының 1 бөлігімен (жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген,  сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу)  жүргізілуде.

Атап айту керек, бұдан бұрын «Бекіре» акцияларын өткізу  барысында полиция қызметкерлері  табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 700-дей  фактісін анықтап, заңсыз ауланған 6 тоннадан аса балық өнімдері, құқықбұзушы тұлғалардан 10 суда жүзу құралдары тәркіленіп, айыптұрағына жеткізілген.

Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ

http://atr.kz/bez-rubriki/11-16-nauryz-araly%d2%93ynda-%d2%9baza%d2%9bstan%d2%93a-koronavirus-kirui-m%d2%afmkin/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button