Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда Полиция департаментінің жаңа ғимараты ашылды

Ғимараттың ашылу салтанатына Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов пен ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қатысты. 

Шара барысында аймақ басшысы Серік Шәпкенов қаланың келбетіне көрік қосқан заманауи ғимараттың ашылуымен құттықтады.

— Сіздер еліміздің тыныштығын сақтап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қызмет етіп жүрсіздер. Әрине бұл оңай емес. Тіпті жұмыс кестелеріңіз де уақытпен санаспайды. Күннің ыстығы мен суығына төзіп, күн-түн демей ел үшін атқарып жатқан қызметтеріңіз абыройлы болсын! Ал жергілікті атқарушы орган өз кезегінде барлық жағдайды жасауға дайын. Қажетті құрал-жабдықты алып беріп, барлық мүмкіндікті жасаймыз. Сіздерден адал әрі абыройлы қызмет сұраймыз,-деді С.Шәпкенов.

Ал Марат Ахметжанов полиция қызметкерлерінің жайлы жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалғанын айтып, халыққа адал қызмет ету керегін жеткізді.

— Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, қылмысқа қарсы күресу міндеті ең бірінші кезекте полиция қызметкерлеріне жүктелген. Олар күні-түні азаматтардың тыныштығын қорғайды. Қауіпті қылмыскерлерді ұстайды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Адамдарды құтқару жолында өз өмірін қауіпке тігеді. Біз көпфункциялық орган болған соң, бізге артылған жауапкершілік те үлкен. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа адал қызмет етіп, азаматтардың сенімін ақтау міндетін алдымызға қойды. Сондықтан мына жаңа ғимаратты басшылықтың атынан жасалған қамқорлық деп білерсіздер. Бүгінде полиция қызметкерлеріне барлық жағдай жасалып жатыр. Сіздерге қойылатын бір ғана талап: елге адал қызмет етіп, міндеттеріңізді мүлтіксіз орындау,-деді М.Ахметжанов.

Шара барысында облыс әкімі Серік Шәпкеновпен ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жаңа ғимаратты аралап, әр бөлімнің жұмысымен танысты. Мұнда спорт кешені, кедергілер жолағы, жатақхана ғимараты, арнайы жедел әрекет ету жасағы, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, уақытша ұстау изоляторы, техникаға арналған алаң бар.

Сондай-ақ Серік Шәпкенов пен Марат Ахметжанов Полиция департаментінің жаңа ғимаратындағы жедел басқару орталығының жұмысымен танысты. Атап айтқанда, дабыл қағылған қаладағы мектептердің біріне жедел әрекет ету тобы неше минутта жететінін тексерді. Оқиға орнына ең жақын орналасқан «Батыс-7» жедел әрекет ету тобы білім беру мекемесіне стандартқа сәйкес уақытта, яғни 2 минутта жетті. Осы уақытта жедел әрекет ету тобының қай жерде келе жатқанын облыс әкімі мен министр GPS жүйесі арқылы бақылап отырды. 

Шара барысында бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білім беру мекемелеріндегі бейнебақылау камераларын көбейту мәселесі де талқыланды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button