ЖаңалықтарБЕЙНЕЖАЗБАҚұқық
АТЫРАУДА ПОЛИЦЕЙЛЕР ЗЕЙНЕТКЕРДІ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ (+видео)
Атыраулық полицейлер пәтерінде есінен танып қалған зейнеткерге көмектесті.
2 ақпан күні 17:00 шамасында атыраулық тұрғындар көрші үйде тұратын әжейдің байланыспай қалғанын айтып уайымдап учаскелік полиция инспекторлары шақырған. Пәтерінің сыртқы есігін ашпаған әжейдің үйіне учаскелік полиция инспекторының көмекшісі полиция аға лейтенанты Дамир Ескендіров қылтима арқылы өтіп кірді. Жатын бөлмесінің еденінде есінен танып қалған әжейге көмек көрсетіліп, жедел-жәрдем шақыртылды.
- Қазіргі заманды білесіз, қоғамдық қызметкермін, есімім Гулнар Қуандықова, зейнеттегі әжені үнемі келіп қарап, жағдайын біліп тұрамын. Көршілері де бір-бірін танып, алаңдап жөндерін сұрасып тұрады. Уайымдап үйіне бардық, байланыса алмадым, полицейлерді шақырдым. Жігіттерге рақмет, дереу шешім қабылдап көмектесіп, әжені аман алып қалды — деді, полицияға хабар берген Гүлнар Қуандықова.
Айта кетейік, жыл басынан бері осыған ұқсас 5 факті тіркеліп, полицейлер дер кезінде көмек көрсеткен.
Мейірім ЕРДӘУЛЕТ,
Атырау облыстық ПД бөлім басшысы