АТЫРАУДА ПОЛИЦЕЙЛЕР ТҰРҒЫЛЫҚТЫ МЕКЕН-ЖАЙЛАРДЫ ТЕКСЕРУДЕ (+видео)
Атыраулық полицейлер «Профилактикалық бақылау» іс-шарасын» өткізуде.
Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті. Атырау қаласы аумағында ақпан айының 7-13 күндері аралығында «Профилактикалық бақылау» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталысымен Атырау қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары тұрғылықты жері бойынша Ішкі істер органдарының есебінде тіркелген 150-ге жуық адамды тексерді.
Басты мақсат – Ішкі істер органдарында есепте тұрған бұрын сотталғандарды тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеріп, бұл азаматтармен қылмыс пен түрлі құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Есепте тұрғандардың қатарында бұрын сотталғандар, қорғау нұсқамасы шығарылғандар, шартты түрде сотталғандар, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар, мінез-құлқына ерекше талаптар қойылғандар, сондай-ақ пробация есебіндегілер де бар.
Мәселен, 7 ақпан күні учаскелік полицейлер сотпен мінез-құлқына ерекше талаптар қойылып, ІІО-ның есебіне алынған 1987 жылы туған азаматты мекен-жайы бойынша тексеру кезінде, оның өзіне қатысты 3 ай мерзімде сотпен шығарылған ерекеше талаптарды бұзып, алкогольдік ішімдік ішкені анықталды.
Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабының 2 бөлімімен (Құқық бұзушының мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзу) әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар әкімшілік сотқа жолданды.
Енді ол сот шешімімен бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл алуы немесе жеті тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.
Айта кетейік, «Профилактикалық бақылау» жедел-профилактикалық іс-шарасы 13 ақпанға дейін жалғасады.