Атырауда полицейлер марапатталды

356096871 238481602272503 3721517722967103974 n Жаңалықтар

23 маусым – Қазақстан полициясы мерекесіне орай Атырау облысы полиция департаментінің алаңында салтанатты шара өтті.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көтеріліп, салтаннатты шара департамент бастығы полиция полковнигі Нұрхат Оразбаевтың алғыс сөзімен ашылды.

Мереке қарсаңында өз қызметтік міндеттерін адал атқарған, қызметте жоғары жетістіктерге қол жеткізген қызметкерлер ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен арнаулы атақтары, құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін, ІІ дәрежелі ІІО үздігі төсбелгісі, ҚР ІІМ грамотасы және алғыс хаты, сондай-ақ, Атырау облысы әкімінің және полиция департаменті бастығының алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, маусым айында Астана қаласында ересектер арасында өткен қоян-қолтық ұрыстан өткен әлем біріншілігінде әйелдер арасында алтын медаль жүлдесіне ие болып, әлем чемпионы атанған Аида Хаируллина және ерлер арасында күміс жүлдегер атанған Алихан Сейтов департамент бастығы Нұрхат Оразбаевтың алғыс хатымен марапатталды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз