Жәрдемақы смс-хабарлама арқылы беріледі

12 5 Жаңалықтар

Atr.kz/23 тамыз, 2019 жыл. Көпбалалы «Алтын алқа», «Күміс алқа» иеленген аналарға тиісті жәрдемақы проактив тәсілімен тағайындалатын болды.

«Азаматтарға арналған үкімет» жаңа пилоттық жоба аясында 6-7 баласы бар әйелдерге еш құжатсыз-ақ керекті төлемдерді аударады.

«Проактив – қазақстандықтардың құжаттарды ешқайда өткізбей-ақ, мемлекеттік қызметтерді алуына мүмкіндік беретін жоба. Бүгінде жас аналарымыз проактив аясында келетін смс-терге жауап беріп, баланың туу куәлігін жасатып, оның күтіміне байланысты жәрдемақыны рәсімдеп, балабақша кезегіне тұрып, сәбиді мекенжай тіркеуіне қоя алады.

Сондай-ақ, осы проактивті түрде зейнеткерлікке шығу, мүгедектікті рәсімдеу қызметтері алдағы уақытта іске қосылады. Біз азаматтарымыздың өмірін жеңілдетіп, артық қағазбастылықтан арылтамыз. Бұл – мемлекеттік қызметтерді цифрлы форматқа ауыстырудағы бірқатар бастамамыздың бірі», – деді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

Жоба аясында алғашқы проактив тәсілімен жәрдемақы алған тараздық көпбалалы ана Умида Ахунжанова. Көпбалалы аналар награданы алу үшін жергілікті әкімдікке өтініш жазып, кейін оның тағайындалғаны туралы құжатты халыққа қызмет көрсету орталығына өткізетін. Бұдан бұлай ХҚО-ға барудың қажеті болмайды, қызмет автоматты түрде көрсетілетін болады.

Айта кетейік, қызметті алу үшін ұялы телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс.

Дереккөз: Baq.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз