
Атырауда пневмонияға шалдыққан бес жасар қыз он күн жан сақтау бөлімінде жатты
Atr.kz/15 қазан, 2019 жыл. Денесін везикулезді бөртпе жайлаған 5 жасар қыз шұғыл түрде облыстық №2 ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Сәбидің анасының айтуынша, науқастың температурасы 3 күн көтеріліп, аяғында ісік пайда болған. Алғашқы көрсетілген ем-домның нәтижесіздігіне байланысты, сәби «жедел ревматикалық қызба» диагнозымен «балалар жүрек қантамыр жүйесі аурулар» бөлімшесіне жеткізілген.
— Өкпесіне ауа, су жиналуына байланысты балада ауырсыну, әлсіздік, дене қызуының 39 С-қа көтерілуі, аяқ-қолының ісінуі, везикулезды бөртпелер пайда болған. Сәби ауруханада 25 күнге жуық аралықта ем алды. Оның 10 күнін жан сақтау бөлімінде өткізді. Дегенмен, қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы, — дейді жансақтау бөлімінің меңгерушісі Раушан Мұқанова.
