Атырауда парадзюдодан Азия және мұхитаралық чемпионат өтеді (+ФОТО)
Atr.kz/26 тамыз, 2019 жыл. Азия және мұхитаралық чемпионат қыркүйек айының 5-8 аралығында Атырау қаласы «Жайық» спорт кешенінде өтеді.
Бүкіләлемдік Зағиптар қауымдастығының (IBSA) 2017-2018 жылы өткізген жарыстардың қорытындылары бойынша 2019 жылдың қыркүйек айында Атырау қаласында лицензиялық Азия және Мұхитаралық чемпионатын өткізу сеніп тапсырды.
Қатысатын командалар Аустралия, Қытай, Индонезия, Индия, Иран, Жапония, Қырғызстан, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Шри-Ланка, Тайланд, Тайвань, Өзбекстан, Қазақстан. 14 елден 150 жуық спортшылар 2020 жылғы Токио қаласында өтетін Паралимпиада ойындарына берілетін ұпайларды сарапқа салады.
Қазақстаннан 12 спортшы қатысады, 11-і ер және 1-і әйелдер арасында өнер көрсетеді. Соның ішінде 4 балуан 2020 жылы Токио қаласында өтетін паралимпиада ойындарына қатысуға мол мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда балуандар өз салмақ дәрежелерінде әлемдік рейтингте үздік бестіктің қатарыңда, олар: Ануар Сариев, Олжас Оразалыұлы, Азамат Тұрымбетов және Даулет Теміржан.
Азия және Мұхитаралық чемпионатын Қазақстанда өтуі қазақстандық басқа балуандарға да паралимпиада ойындарына лицензия алуына мүмкіншілік ашады.