Атырау облысы аудандарында кәсіпкерлік саласы қарқынды дамуда

whatsapp image 2019 12 03 at 18.52.55 1 Жаңалықтар

Atr.kz/4 желтоқсан, 2019 жыл. Биылғы жылы Мақат ауданында 4 мемлекеттік бағдарлама бойынша 38 кәсіпкердің жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкин мәлімдеді. Бүгінге дейін Мақат ауданында 1400-ге жуық шағын бизнес субьектілері тіркелген.  Шәкір Кейкиннің  айтуынша, бұл көрсеткіш  ауданда бизнес нысандарының  көбейіп, кәсіпкерлік саласының  қарқынды дамып келе жатқандығының нәтижесі.
–    Ағымдағы  жылдың қаңтар-қазан айында аудан бойынша 7 шағын бизнес нысаны ашылды. Яғни, Мақат пен Доссор кенттерінен кафе, шайхана мен дүкендер, автотұрақ және техникалық қызмет көрсету кешені іске қосылды, – дейді аудан әкімі Шәкір Кейкин.
Айта кетейік, биылғы жылы Мақат ауданында жалпы саны 63 млрд. 73 млн теңгенің өнімі өндірілді. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың сәйкесті мерзімімен салыстырғанда 312,8 пайызға өскен.

whatsapp image 2019 12 03 at 18.52.56
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз