Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда пандемия басталғалы бірінші рет коронавирустан кісі өлімі тіркелген жоқ

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ 2021 жылдың 5 қазаны осындай қуанышты жаңалықпен тарихқа еніп отыр.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, соңғы тәулікте 19 адамнан коронавирус анықталды. Қауіпті індеттен 17 емделуші сауығып шықты.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруын мамандар коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алушылар қатарының көбеюімен байланыстырып отыр.

Соңғы тәулікте Атырау облысы бойынша 749 тұрғын екпе алды. Коронавирсқа қарсы екпенің І компонентімен егілгендер саны облыс бойынша ​ 228​ 219 адамға жетті. Екпенің толық компонентін алған атыраулықтар саны 192​ 494 адам.

Еске сала кетелік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе алу науқаны ақпан айында басталды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button