Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда озық технологиялар зертханасы ашылды

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде академиялық білім мен өндірістік тәжірибені ұштастыратын Honeywell оқу орталығы ашылды. Жаңа орталық инженерлік басқару жүйелері, цифрлық платформалар және интеграцияланған өндірістік шешімдер бойынша мамандарды даярлау үшін толыққанды цифрлық экожүйе құруға бағытталған.

Университеттің баспасөз қызметі хабарлағандай, зертхана — әлемнің мұнай-газ, химия, энергетика және қайта өңдеу өнеркәсібіндегі алпауыт кәсіпорындарында қолданылатын озық технологиялармен жабдықталған. Бұл орталықта өндірістік процестерді модельдеу, қондырғылардың цифрлық егіздерін іске асыру, симуляциялар жүргізу, энергия үнемдеу, қауіпсіздік шараларын пысықтау, штаттан тыс жағдайларда әрекет етуге арналған автоматты басқару сценарийлерін сынақтан өткізу мүмкіндігі қарастырылған.

Бұл бастама студенттер мен оқытушыларға нақты өндірістік ортаға жақын форматта жұмыс істеуге жол ашып, университет түлектерінің жаһандық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Университет басшылығы Honeywell компаниясына және “Ханиуэлл – автоматты басқару жүйесі” ЖШС президенті Артур Нигматьяновқа адами капиталға салған инвестициялары үшін зор алғыс білдірді. Сонымен қатар оқу орнының өкілдері бұл жобаны Қазақстанның инженерлік мектебін дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді серіктестіктің бастауы деп қабылдады.

Айта кету керек, Honeywell компаниясы алдағы уақытта университет базасында корпоративтік клиенттерге арналған оқыту курстарын өткізіп, кадрлық әлеуетті дамытуға өз үлесін қоспақ. Мұндай корпоративтік-академиялық серіктестік моделі еліміз үшін тың тәжірибе және халықаралық үздік практикаларға сай келеді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button