Атырауда отбасылық үлгідегі балалар үйі салынып жатыр (+ФОТО)

img 20201020 wa0044 Жаңалықтар

Atr.kz/21 қазан, 2020 жыл. ​Отбасылық үлгідегі «Шаңырақ» балалар ауылының құрылысы қала маңындағы Талғайран ауылында басталды.

Жайық өзенінің жағалауында орналасқан нысан 3 мың гектардан астам жерде қамтиды. Мұндағы әр үйге 3 жастан 18 жасқа дейінгі 8-9 бала жайғаса алады. Ал сегіз үйдің төртеуіне мүгедек балалардың жүріп-тұруына жағдай жасалған.

​Қайыргелді Қабылдин жоба аясында салынып жатқан сегіз қабатты тұрғын үйді, әкімшілік ғимаратын, спорт кешенін, қазандықты, БӨП және шаруашылық құрылысын қарап шықты.

​Балалар ауылын салуды жүзеге асыратын мердігер ұйымның ақпараты бойынша, мәдени-спорт кешені бұқаралық іс-шараларды, жарыстар мен жаттығулар өткізуге мүмкіндік береді. Демек, күн суық кезде де дене шынықтырудан сабақтарды өткізе беруге болады. Сондай-ақ, жазғы спорт алаңы да бар.

​Балалар ауылының аумағында медициналық кабинеттер мен арнайы үй-жайлар бар: санитариялық торабы бар дәрігер кабинеті, таңу және егу кабинеті, дәрі-дәрмектерді сақтайтын қойма, ұлдар мен қыздарға арналған изолятор және де санитарлық жағдайдағы оқшаулау бөлмелері бар.

​Балалардың сапалы өмір сүру мен оқыту процесін ұйымдастыру үшін тігін цехы, психолог кабинеті, релаксация кабинеті, өзін-өзі тану кабинеті, душ кабиналары, монша да бар.

​- Құрылыс жұмыстары сапалы болуы тиіс. Бұл-мердігер компанияларға қойылатын басты талап. Өкінішке орай, пандемияға байланысты пайдалануға беру мерзімі келесі жылға ауыстырылады. Содан кейін балалар ауылында олардың жайлы тұруы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалатын болады. Бұл жоба КҚК-Қ мен Атырау облысы әкімдігі арасындағы келісім аясында жүзеге асырылуда. Әлеуметтік нысандардың тізімі де бекітілді. Бұл – отбасы үлгісіндегі балалар ауылының құрылысы», – деді Қайыргелді Қабылдин.

​Айта кетейік, бүгінде отбасы үлгісіндегі «Шаңырақ» балалар ауылының ескі ғимаратында 57 тәрбиеленуші тұрады. Жақын арада «КҚК-К» АҚ-ның қолдауымен енді олар жаңа, жылы және жайлы үйге қоныстанады.

img 20201020 wa0047
img 20201020 wa0046
img 20201020 wa0048
img 20201020 wa0045
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз