Жарнама
Жаңалықтар

АТЫРАУДА ОТБАСЫ ҮЛГІСІНДЕГІ ЗАМАНАУИ БАЛАЛАР АУЫЛЫ АШЫЛДЫ

«Атырау қаласына қарасты Талғайран елді мекенінде облыстық «отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» пайдалануға берілді»,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Салтанатты іс-шараға қатысқан облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов балалар ауылының ұжымы мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік нысанның ашылуымен құттықтады.

whatsapp image 2021 12 21 at 13.27.58


«Егемендік жылдары болашағымыздың жарқын, келешегіміздің кемел болуы үшін жас буынға теңдессіз жағдай жасалды. Кезекті игі істердің бірі — ашылып жатқан заманауи отбасы үлгісіндегі облыстық балалар ауылы құтты болсын!
Біз үшін әр баланың қуанышы мен бақытты жүзін көруден асқан шаттық жоқ.
Қиын жағдайға тап болған балаларға қамқорлық жасап, қоғамнан өз орындарын табуына мүмкіндік туғызу басты назарымызда.
Балалар ауылы — заманауи талаптарға сай салынған. Мұнда олардың көңіл көтеруіне, демалысын мәнді өткізуіне, сондай-ақ заманға сай дамып, білім алуына барлық жағдай жасалған»,-деген аймақ басшысы

whatsapp image 2021 12 21 at 13.27.52 1

Махамбет Досмұхамбетов жобаны жүзеге асырған Каспий құбыр консорциумы басшылығы мен ұжымына алғысын білдірді. Ол сондай-ақ аталған компанияның өңірдің өзге де жобаларына ат салысып келе жатқанына тоқталды.

whatsapp image 2021 12 21 at 13.27.51

Жайық өзенінің жағасында салынған отбасы үлгісіндегі балалар ауылы екі қабатты сегіз тұрғын үйден тұрады. Мұндағы төрт үй мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жабдықталса, қалғаны тәрбиешілердің балаларына арналған. 80 орындық ауылдағы 7 отбасына 3-18 жас аралығындағы жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған 54 тәрбиеленуші қоныстанды. Ал, мәдени-спорттық кешенде би, акт, спорт және тренажер залдары қарастырылған. Сонымен қатар, монша, ойын алаңдары бар, олар ойын-сауық және дамыту құралдарымен жабдықталған.

whatsapp image 2021 12 21 at 13.27.54

whatsapp image 2021 12 21 at 13.27.51 1


Әкімшілік блокта коворкинг-орталық орналасқан, онда балалар кәсіби қызметтің негіздерін түсініп, шығармашылықпен айналыса алады. Сондай-ақ, өзін-өзі тану және әлеуметтік бейімдеу орталығы бар. Заманауи конференц-зал балаларға онлайн-режимде оқуға мүмкіндік бермек.
Өз кезегінде Каспий құбыр консорциумының бас директоры Николай Горбань «Өңірге қолдау білдіру – біздің компаниямыздың басты міндеттерінің бірі. Бүгін біз жаңа әлеуметтік маңызы бар нысанды ашып отырмыз, бұл ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға аса қажет. Жобаны іске асыру облыстың әлеуметтік саласына оң әсер етері сөзсіз»,-деген ол, алдағы уақытта балалар ауылына арнайы автобус алып беру жоспарда бар екенін де жеткізді.

whatsapp image 2021 12 21 at 13.27.56


Мұнда тәрбиеленушілердің бос уақытын өткізу және салауатты өмір салтын қолдау үшін мәдени-спорт кешенінде қоғамдық жұмыстар, жарыстар мен жаттығулар өткізіледі. Ал, тігін цехы тәрбиеленушілерге тігін және пішу шеберлігін кәсіби түрде үйренуге мүмкіндік бермек. Мұндағы балалар сахнаға арналған киімдерін өздері тігуде.


whatsapp image 2021 12 21 at 13.27.55

Сонымен қатар, облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының директоры Гүлсара Ботатаева тәрбиеленушілер мен ұстаздар, тәрбиешілер атынан алғысын білдірді.
Салтанатты іс-шарада балалар ауылының тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетіп, концерттік бағдарлама ұсынды. Бүлдіршіндер атынан Айжан Қайыржан ерекше жағдай жасаған облыс әкімдігі мен демеушілерге алғысын білдірді.

  • Еске сала кетейік, 2020 жылы облыс әкімдігінің қолдауымен жасөспірімдер үйі ашылған болатын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button